Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда қаласында тұрғындарға тауардың 300-ден аса түрін қолжетімді бағада ұсынатын “Әлеуметтік Маркет” ашылды.

Кәсіпкерлік нысанның аумағы 450 ш.м құрайды, әрі 13 адамды жаңа тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Айта кету керек, Қызылорда қаласының аумағында “Байқоңыр әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” ұлттық компаниясы” АҚ, “Алтын қамба” агроөнеркәсіп комбинаты ЖШС қолдауымен 30 әлеуметтік дүкендер халыққа қызмет көрсетуде.

Әлеуметтік маркеттің жұмыс кестесі күнделікті сағат 10.00-20.00 дейін. (Бейбітшілік көшесі 24А – Дүйсенов көшесі қиылысында)

Тағы да оқыңыз: