Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру бойынша баспасөз туры ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында 1433,9 тонна өнім көлемі, оның ішінде бірінші сортты бидай ұны – 671,4 тонна, күріш – 226 тонна, қант – 31,4 тонна, макарон – 85 тонна, сәбіз – 65,3 тонна, жуа – 250,7 тонна, қырыққабат-10,5 тонна, қарақұмық жармасы – 22 тонна, тауық еті – 45,7 тонна, сүт – 26 тонна бар. Тұрақтандыру қорында қоры азайған немесе таусылған өнімдер әріптестер арқылы әлеуметтік дүкендерге жеткізіліп, қамтамасыз етілуде.

Қорқыт ата көшеcінде орналасқан әлеуметтік дүкендер, тұрақтандыру қорының мамандандырылған ұйымы «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның әріптестері мен ауыл шаруашылығы мамандары «Аль-Асад», «Ажар City» сауда орындарында ашылған әлеуметтік бұрыштар қамтылды.

Әлеуметтік дүкен мен сауда орындарында ашылған әлеуметтік бұрыштарда картоптың келісі – 135 теңгеден, бөлке нан – 55 теңге, қырыққабат – 67 теңге, басты пияз – 60 тенге, сәбіз – 70 теңге, бірінші сортты бидай ұны – 127 теңге, макарон – 200 теңге, күріш – 210 теңге, қант – 233 теңге, өсімдік май – 552 теңге, тұз – 40 теңге, сиыр еті – 1650 теңге, тауық еті – 600 теңге, СІ тауық жұмыртқасы – 40 тенге, сары май – 2377 теңге, қарақұмық жармасы – 356 теңге, сүт 2,5% – 280 теңге, айран 2,5% – 225 теңгеден сатылуда.

Тағы да оқыңыз: