Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысы полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Бақыт Молдабековтің қатысуымен онлайн режимде тікелей эфир өтті.

Бақыт Молдабеков тікелей эфир барысында «Абайлаңыз – балалар» атты іс-шарасы жайлы тұрғындарды ақпараттандырып, олардың сұрақтарына толыққанды жауап берді.

«Біздің мақсатымыз адамның өмірі мен денсаулығын сақтап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сонымен қатар жүргізуші жылдамдықты межеден асырмай, жол ережелерін сақтап жүруге және жаяу жүргіншілерге де жол жағдайын ескеріп, тек белгіленген орыннан өту қажеттігін ескертемін.
Құрметті ата-ана! Жаңа оқу жылының қарсаңында балалардың жолда жүру кезінде барынша жол қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп және сырт киімдеріне, сөмкелеріне мүмкіндігінше жарық қайтарғыш (светоотражатель) тағуларыңызды сұраймыз», – деп атап өтті Бақыт Молдабеков.

Айта етейік, Қызылорда облысында жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстан Республикасы Iшкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес екі кезеңде 22-31 тамыз және 1-12 қыркүйек күндері аралығында «Абайлаңыз – балалар!» атты іс-шарасы өткізіледі.

Тағы да оқыңыз: