Қызылордада 90 млн-нан астам қаржы жымқырған алаяқ сотталды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада 90 млн-нан астам қаржы жымқырған алаяқ сотталды

13.01.2021, 12:04

541 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының тергеу бөлімінің тергеушісі Нұрмағанбет Нұрбол 1982 жылы туған, жұмыссыз, бұрын сотты болған қаржы пирамидасын құрған әйелді ұстады. Алаяқ 152 азаматтан 91 миллион 496 мың теңге қаржыны қолды еткен.

Оқиға 2019 жылдың тамыз айынан бастау алды. Ол «WhatsApp» желісінде «Ай-шуақ» тобын ашып, қаржылық (инвестициялық) пирамида құрып, оған басшылық жасаған. Топқа қосылған бірінші қатысушылар алғашқы салымдарын салып, 40 пайыз үстемесімен  өз қаражаттарын қайтарып алып отырғаны белгілі болды. Жалпы айналымдағы қаржы 1 млрд 695 млн 538 мың теңгені құраған. Уақыт өте келе, артынан кірген пирамида қатысушыларына, құр уәде үйіп-төгіп, көзден таса болған.

Осы аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен (қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету, аса ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге мүлікті тарта отырып жасалған) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.

Қызылорда қалалық сотының шешімімен айыпталушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды.  

0

Пікір қалдыру