Kyzylorda-news.kz. Биылғы жылы облыс аумағында жалпы көлемі 100 – гектар аумаққа тұқымбақ салынады. Оның 8 гектар сеппе бөлімі, 8 гектар екпе бөлімі, 84 гектар аумаққа сексеуіл тұқымбағын құру жоспарлануда.

Шөлді аймаққа жататын өңіріміз үшін сексеуілдің пайдасы құмды шөлді бекітіп ұстап тұрады. 1 түп сексеуіл 4 тонна құмды ұстай алады.

Тұқымбақта өсірілетін екпе(терек, жиде, сыр талы) мен сеппе (үйеңкі, шаған, саялы ағаштар) көшеттері көктем және күз айларында сатып алушылардың сұранысын қамтамасыз етеді. Мұнда орманды ұлғайтып, орман қорына отырғызылатын көшеттер санын арттырып, қаланы жасыл-желекке айналдыру мақсатында көшеттер өсіріледі.

Қала, ауылды елді мекен тұрғындарына осы ағаш түрлерін отырғызып, тұрғылықты жерлерін көгалдандыруға болады.

Тағы да оқыңыз: