Kyzylorda-news.kz. «Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасының 8 күнінде қызылордалық полицейлер 7 есірткі қылмысын ашты.
Жедел-профилактикалық іс-шараның негізгі мақсаты-есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы фактілерін анықтау, Қызылорда облысының аумағынан жабайы сораны заңсыз жеткізу арналарын жабу.
Іс-шараның 8 күнінде облыс аумағында полицейлер 7 есірткі егу қылмысын ашты. Заңсыз айналымнан 3 келіге жуық есірткі заты тәркіленді.
Мәселен, полицейлер жеке үйлерінің ауласында құрамында есiрткi заттар бар өсімдіктерін өсірген 6 облыс орталығының тұрғындарын әшкерледі. Айғақ заттар тәркіленді.
Барлық деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 300-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
«Қарасора-2021» жедел іс-шарасы 30 қазанға дейін жалғасады.