Қызылордада 7 аккумулятор ұрлаған тұрғындар ұсталды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада 7 аккумулятор ұрлаған тұрғындар ұсталды

04.12.2020, 16:45

271 0

Kyzylorda-news.kz. 3 желтоқсан күні Қызылорда облыс орталығында мұнай саласында жұмыс істейтін мекеме директорынан ұрлық жөнінде арыз түсті.

Арызда көрсетілгендей  белгісіз тұлғалар серіктестіктің ғимаратынан темір торды бұзып, 7 қызметтік көліктен аккумуляторлар және  кілттер жинағын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 400 мың теңгені құраған. 

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті 3 қала тұрғыны қолға түсті.

Қазір күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабының  3 бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

0

Пікір қалдыру