Қызылордада 65 жастан асқан адамдардың зейнетақылары үйлеріне жеткізілуде – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада 65 жастан асқан адамдардың зейнетақылары үйлеріне жеткізілуде

06.04.2020, 11:00

552 0

Kyzylorda-news.kz. Бүгін, яғни, 6 сәуірден бастап жылжымалы мобильді пошта қызметі жасы 65-тен асқан Қызылорда қаласы тұрғындарына және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға зейнетақыларын мекен-жайлары бойынша жеткізуде.

Бұл жұмыстарды ұйымдастыруда қалалық жедел штаб төрағасы, қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес мобильді топтың жұмысын оңтайландыру үшін Қызылорда қаласы әкімдігі тарапынан қажетті техникалық құралдармен, волентерлық топтармен қамтамасыз етілген.

Аталған қызметті алу үшін өтінім жеке куәлік мәліметін ватсап желісіне жолдау арқылы тіркеледі.

Жеке куәлікпен Қазпошта мәліметтер базасынан тексеріліп, жеткізілуі ұйымдастырылады.

Табыстау барысында міндетті түрде азаматтардың жеке басы анықталып, тексеріліп барып беріледі.

ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ номерлері:

+7 778 697 5499

+7 775 069 1495

+7 777 343 0362

60-56-99.

Сондай-ақ, ауыл әкімдіктерімен келісе отырып, кесте бойынша елді-мекендерге барып, қызмет көрсетіледі.

Ал, Сабалақ, Ягодка, Эдельвейс саяжайлардың тұрғындарына жылжымалы пошта автокөлігімен қаржылық-банктік қызметтер көрсетіледі.