Қызылордада 57 млн теңгені қолды еткен тұрғын сотталды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада 57 млн теңгені қолды еткен тұрғын сотталды

30.01.2020, 10:00

805 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада қаржы пирамидасын құру арқылы халықтан 57 млн теңгеден астам қаржыны қолды еткен тұрғын сотталды.

Бұл оқиға өткен жылдың ақпан айында болған. Қызылорда қаласының тұрғыны «WhatsApp» желісінде «Миллион инвест» чаты арқылы қаржылық пирамида құрып, оған басшылық жасаған. Ол алаяқтық әрекетін бірнеше рет қайталап, аса ірі мөлшердегі 57 млн теңгеден астам ақшаны қалтаға басқан. Осылайша ауыр санаттағы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.

«Орын алған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Онда қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және оған басшылық ету жағдайы көрсетілген. Тергеп-тексеру барысында полиция қызметкерлерінің кәсіби біліктілігінің, олардың біріккен жүйелі жұмыстары өз нәтижесін берді. Күдіктінің қылмыстық іс-әрекеті толық дәлелденді. Нәтижесінде қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Сот процесінде күдікті өзі жасаған қылмыстық іс әрекетін толық мойындап, келтірілген шығынды жәбірленушілерге өндіруде», деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаменті.

Қызылорда қалалық №2 сот шешімімен айыпталушы 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімімен оған жәбірленушілерге келтірілген шығын заңмен белгіленген тәртіппен өтеу міндеттелді.

0

Пікір қалдыру