Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысындағы өнеркәсіп кәсіпорындарында 543 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

Атап айтқанда, пайдалы қазбаларды өндіру 5,3 пайыз және өңдеу өнеркәсібі 12,6 пайызды құрады. Тағы бір айта кетерлігі облыста жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздық деңгейі төмендеген. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай өңір экономикасының өсімі туралы баяндады.

«Өңірде жеңіл өнеркәсіптің өсімі 2,6 есеге өсті. Өзге де бейметалл минералдық өнімдер 2 есеге, ал тамақ өнеркәсібі 12,5 пайызды құрады. Сондай-ақ, жеңіл көлік пен жабдықтарды жөндеу және орнату 48,4 пайыз. Есепті кезеңде аймақ экономикасына 186,4 млрд. теңге инвестиция салынды. Соның ішінде құрылыс жұмыстарына 63,1 млрд.теңге бөлінді. Ал ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 120 млрд теңгені құрайды. Биылғы жылы 25 033 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде тұрақты 12 372 жұмыс орыны бар. 2021 жылдың 2 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз болды», – деді басқарма басшысы Нұрғали Рахымшаұлы.

Тағы да оқыңыз: