Kyzylorda-news.kz. Биыл шақырулардың дер кезінде орындау мақсатында Қызылорда қаласы бойынша қосымша 2 топ ашылды. Ал 2020 жылы қосымша 5 жедел жәрдем тобын ашу жоспарланды. Оның 2-уі қалада, үшеуі аудандарда орналасады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Алмат Құрманғали мәлімдеді.

“Облыс бойынша барлығы 77 жедел жәрдем тобы жұмыс атқаруда. Қазіргі таңда жедел жәрдем қызметіне түскен арыз – шағымдардың саны өткен жылмен салыстырғанда 30,8% – ға төмендеген. Үстіміздегі жылы 103 желісіне түскен қоңырау саны – 435366 құрады. Орындалғаны- 403102. Шақыртуларға кешігіп шығу көрсеткіші мерзімді уақытта 5,3%-ға азайған”,-деді Алмат Құрманғали.

Сонымен қатар, жедел жәрдем стансасы материалдық-техникалық жағдайын жақсарту үшін қазан айында 7 реанимобильге ие болды. Жылдың аяғына дейін республикалық бюджеттен 19 жабдықталған санитарлы автокөліктің келуі жоспарланған.

Сондай-ақ, биыл Қазалы және Шиелі аудандық бөлімшелерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.Бас дәрігердің айтуынша, енді аймақтың кез келген жерінде тұрып, 103 нөміріне телефон соққан жағдайда , қоңырау бірден орталыққа түседі. Елді мекендерден түскен 1-3 санаттағы шақыру сол аумаққа жақын орналасқан бригадаларға жүктеліп, жылдам жөнелтіледі.

Тағы да оқыңыз: