Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық тәртіп сақшылар бас бостандығы шектелген азаматты тығылып жүрген жерінен тапты.

Сотты болған азамат 5 айдан соң табылды. Ол Сырдария ауданында пробациялық есепте тұрған. 2018 жылы есірткі егу қылмысы бойынша сотталған ол тиісті жазаға тартылды. Кейіннен сотталушы жеңіл жаза түріне ауыстырылып, бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған. Соңғы уақытта тағылған айып бойынша жазадан бой тасалаған оған іздеу жарияланды.

«Оны облыс аумағынан 5 ай бойы іздестіруге тура келді. Полицейлер 55 жастағы аудан тұрғынын Қызылорда қаласында жасырынып жатқан жерінен тапты. Қазір ол қамауға алынды», – дейді аудандық полиция бөлімі бастығының жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары Әділхан Қанзадаев.

Тағы да оқыңыз: