Kyzylorda-news.kz. Облыс көлемінде маусым айының 7-16 аралығында облыс аумағында «Мигрант» профилактикалық іс-шарасы өткізіліп, 679 құқық бұзушылық анықталды.

Көші-қон заңнамаларын бұзған ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабымен 447 шетелдік  анықталды. Сонымен бірге ҚР ӘҚБтК-нің 518 бабымен 188  және ӘҚБтК-нің 519 бабы бойынша- 39 ҚР азаматына әкімшілік шаралар көрілген.

«Шара барысында Өзбекстан Республикасының 33 азаматы республика аумағынан аластатылды. Іздеуде жүрген 2 қылмыскер ұсталды. Өзбекстан Республикасының 1 азаматына қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 394 бабы (Заңсыз көші-қондылықты ұймдастыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жеке басын анықтайтын құжаттары жоқ 105 азамат ҚПБ-ның қабылдау тарату орнына жеткізілді. 5 шетел азаматына қатысты Азаматтық процесуалдық кодекстің талабына сәйкес шешім қабылданды», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: