Қызылордада 3500 оқушы автобуста тегін жүреді – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада 3500 оқушы автобуста тегін жүреді

26.02.2020, 16:40

508 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалары қоғамдық көліктерде де тегін жүре алады.

Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында енді қаладағы 3500 оқушы автобустарда тегін жүретіні айтылды.

Биылғы жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мен төлеу тетігінің жаңа форматы енгізілгендігі белгілі. Қалада көмектің бұл түрін 12 мыңнан астам отбасы алады. Жүйенің тиімділігі, осы жанұялардың балаларына қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігі туып отыр. Комиссия шешімімен бұл санатқа тұрғылықты жері мектептен алыс, қосымша сабақтарға қатынайтын балалар кіреді. Ай сайын олардың қоғамдық көлікте бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 2651 теңге қаражат бөлінеді. Сессияда ұсынылған мәселені депутаттар бірауыздан қолдап, дауыс берді.

0

Пікір қалдыру