Kyzylorda-news.kz. Қызылордада 2,5 миллионнан астам қаржыны жымқырған алаяқ әйел ұсталды.

2021 жылдың 3 сәуір күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қаланың үш тұрғыны хабарласып, ақшасын қайтару бойынша арыз түсірген болатын.

Белгілі болғандай, өткен жылдың желтоқсан айында белгісіз біреу үш азаматшаны алдау арқылы несие алдыртып 2 500 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Көп ұзамай жәбірленушілер алаяқтан ақшасын қайтаруды талап етеді. Бірақ, ақшаны алдау жолымен иемденген алаяқ қаражатты қайтаруға асықпады.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 1987 жылғы қала тұрғыны ұсталып, ол өз кінәсін толықтай мойындады. Алаяқтың өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы  (Алаяқтық, бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амадары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Тағы да оқыңыз: