Kyzylorda-news.kz. «Ардагерлер туралы» заңға сәйкес 255 ардагерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды. Облыс бойынша жыл басынан бері 316376 адамға жалпы сомасы 91,2 млрд. тенге зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы төленді.

Сондай-ақ, биыл қантардан бастап жасына байланысты мемлекеттік базалық зейнетақы және жәрдемақылардың барлық көрсеткіштердің артуына байланысты, облыс аумағында 224 мыңнан аса төлем алушылардың істері қайта қаралып, 25 мыңнан астам көп балалы отбасына жаңадан жәрдемақылар тағайындалды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыс бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы Ертілеу Жалғасбаев мәлімдеді.

Балалы отбасыларын әлеуметтік қорғау туралы заңнамаға толықтырулар енгізілуіне байланысты, сегіз және одан да көп балалары бар 85 отбасына берілетін жәрдемақы мөлшері үстіміздегі жылы қаңтарда қайта есептеліп, айырмашылығы шілде айында төленді.

Тағы да оқыңыз: