Желілік маркетинг: Қызылордада 200 адам қатысқан жиын тоқтатылды – Kyzylorda News
Басты бет

Желілік маркетинг: Қызылордада 200 адам қатысқан жиын тоқтатылды

18.04.2021, 19:20

695 0

Kyzylorda-news.kz.  Қала әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында күнделікті іс-шаралар жүргізуде. Нәтижесінде, 17-18 сәуір күндері мониторингтік топпен 7 анықтама толтырылып, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

18 сәуір күні қала әкімінің орынбасары Бектас Нуридиновтің жетекшілігімен  мониторинг топ карантин режимін өрескел бұзып, 200-ге жуық адамды жинап жиын өткізген желілік маркетингтің іс-шарасын тоқтатты. Заңды шешім қабылдау мақсатында толтырылған анықтама тиісті орынға (СЭББ) жолданды. 

Сондай-ақ, аралау барысында адам көп шоғырланатын орындарда карантин талаптарын сақтау бойынша бірнеше мәрте түсіндірме жұмыстарының жүргізілгеніне қарамастан бұзушылыққа жол берген «Асбол», «Талғат», «Сыбаға» сауда орындарының басшыларына анықтама толтырылып, СЭББ-ға жолданды.

Мониторинг топ жетекшісі Бектас Балғабайұлы карантин режимі кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндірген азаматтар тиісті жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Сондықтан бас санитар дәрігердің қаулысының талаптарын қатаң сақтау, бетперде кию және арақашықтықты сақтауды естен шығармау қажет.

0

Пікір қалдыру