Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында заңсыз өсірілген 2 есірткі алқабы анықталды.

2020 жылдың 1 маусым – 30 қазан аралығында «Қарасора-2020»  кең ауқымды арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші күнінде Қызылорда ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жоспарлы жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсірудің 2 дерегі  анықталды.

Атап айтқанда, 48 жастағы Қызылорда қаласы, Белкөл кенті тұрғынының үйінің ауласына 12 түп сора және 37 жастағы Қызылорда қаласы тұрғыны үйінің ауласына 4 түп сора өсіргендігі анықталды. 

Күдіктілерге қатысты «өзін дұрыс ұстау және ешқайда кетпеу туралы»  қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Бұл  деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: