Kyzylorda-news.kz. Әкімдік жанынан құрылған мониторингтік топ қаладағы тойханалардың бірінде болып жатқан думанды кештің үстінен түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бейнеде көргендеріңіздей, той тойлаған жұртты індет жұқтыру туралы ой мазаламайтын секілді. Бетпердені сыпырып, әлеуметтік ара қашықтық ұмытқан меймандар алаңсыз билеп жүр. Шектеу шараларына пысқырмаған мейрамхана мен той иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы наурыз айынан бері 10 мыңдай нысанға рейд жүргізіліп, санитарлық талап сақтамаған 244 кәсіпкерлік құрылымға айыппұл салынды. Карантин тәртібін бұзған 133 адамға хаттама толтырылды.  

“Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 462-бабы, 3-тармағымен 3 тұлғаға және осы кодекстің 425 бабы, 1-тармағымен 130 тұлғаға әкімшілік шара көрілді. Оның ішінде қазір тыйылмай отырған той иелеріне 36 анықтама толтырылып, тиісті құзырлы органдарға жолданды. Өз кезегінде бекітілген қаулы талаптарын мониторингтік топ тарапынан күнделікті қадағаланып, бұл жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда”, – қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп, және туризм бөлімінің басшысы Бағлан Амангелдиев.

Тағы да оқыңыз: