Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында ұзындығы 1483 шақырым жолға 28 822 тексеру жүргізілді.

Тексеру шараларының нәтижесінде анықталған ақаулар бойынша Қызылорда облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының Жол және техникалық инспекция бөлімімен 1649 ұйғарым мекемелерге беріліп, 209 әкімшілік хаттама толтырылды.

Жергілікті атқарушы органдарға 279 ұсыныс жолданып, нәтижесінде облыс бойынша 315 жол белгісі орнатылып, 498-і қайта жаңғыртылды.

Сонымен қатар, облыс орталығындағы Н.Назарбаев даңғылының қиылысы-Б.Баймаханов, Н.Назарбаев даңғылының қиылысы – Мүсілімұлы, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылының қиылысы-Қызылорда қаласы Ш. Есенов, Жаңақорған ауданы М. Көкенов – Тәуелсіздік қиылысына барлығы 4 бағдаршам орнатылды. Сондай-ақ Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшелерінің қиылысы бойынша көше – жол желісінің екі қиылысында-Ш.Есенов оң жақ бұрылыс арналар ұйымдастырылды.      

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және оларға жол бермеу мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жағдайды бақылауда ұстайды.

Тағы да оқыңыз: