Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Жалағаш аудандық пробация қызметінің есебіндегі қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталағандардың қайталап қылмыс жасауының алдын-алу мақсатында кент орталығындағы №2 полиция бекетінде профилактикалық жиын өтті.

Пробация қызметінің есебіндегі сотталғандардың қоғамда әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасамауы және қоғамдық талаптарды құрметтеу жөнінде түсіндірілді.

«Пробация қызметінің есебі бойынша жыл басынан 75 сотталған өтсе, оның ішінде 13 азамат тәртіп ережелерді бұлжытпай орындағаны үшін, сот қаулысымен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған. Керісінше, жаза тәртібін бұзып, тәртіпке көнбеген шартты жазаға сотталған үш азаматтың мерзімдері сот қаулысымен 3 айға ұзартылса, бір азаматтың жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, түзеу мекемесіне жолданды. Сонымен қатар, жазадан жалтарып, іздеуде болған Р. есімді азамат жедел бағыттағы жұмыстар нәтижесімен пробация қызметкерлерінің күшімен ұсталып, жазасы ұзартылды», – деді әділет майоры Еркебұлан Асқаров.

Сонымен қатар, есептегі сотталғандардың қылмысымен келтірліген залалды өндіру бағытында түсіндіріліп, сотталғандардың сұрақтарына заңдылыққа сәйкес жауап берілді.

Тағы да оқыңыз: