Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының шет аймақтары мен ауылдық округтерінде барлығы 260 жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында қала аумағындағы 111 көшеге, кент және ауылдық округтердегі 32 көшеге орташа жол жөндеу, яғни асфальт салынса, 50 көшеге қиыршық тас төселеді.

Ұзындығы 0,7 шақырым болатын Желтоқсан көшесінен Абай даңғылына дейінгі аралықты қамтитын Ергешбаев көшесін «Қызылорда жолдары» мекемесі асфальт төсеп, жоба-сметалық құжаттардағы талаптардың толық орындалуын қамтамасыз етуде.

Бұдан бөлек, қала тұрғындары тарапынан жиі көтерілетін мәселелердің бірі – көше бойларын жаяу жүргіншілер жолдарымен қамту болатын. Аталған мәселе бүгінде өз шешімін тапты. Мәселен, биыл 102 шақырымды құрайтын 68 көшеге жаяу жүргінші жолы салынып жатыр.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Е.Рахматуллаев мердігер мекеме өкілдеріне жаяу жүргінші жолдарын мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалысына қолайлы ету басты талаптың бірі екендігін жеткізді.

Айта кетейік, жоғарыда атап өткен жұмыстарға 1 мың 700 жұмысшы тартылған.

Тағы да оқыңыз: