Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының қаржы-экономика саласына биыл 100 жыл толды.

​15 қараша – қаржыгерлер күніне орай осы сала ардагерлерінің құрметіне ​ бүгін Тұңғыш​ Президент саябағында «100 жылға – 100 ағаш» экологиялық акциясы өткізілді.

Акцияның басты мақсаты – облыс экономикасы мен қаржы саласының ілгерілеуіне аянбай қызмет еткен Камал Шөкенов, Бименді Баймаханов, Құттықожа Ыдырысов, Қалқазбек Ажібеков және тағы басқалары сынды еңбек ардегерлерінің жасаған еңбегі мен ізгі жолын көрсету. Сол арқылы жастар мен болашақ ұрпақты табиғатты қорғауға, оған құрметпен қарау сынды өнегелі үлгілі істерге шақыру мен тәрбиелеу. Қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен насихаттау болып табылады.​

Аталған акцияға қаржы саласының қызметкерлері, ардагерлері мен еріктілер қатысып, 100 түп көшет отырғызылып, көшеттер күтімге алынады.

Тағы да оқыңыз: