Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті күніне орай Қызылорда облысында өткізілетін іс-шаралар тізімін назарға ұсынады.

Қызылорда қаласы

29 қараша күні сағат 17.00-де Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында 1желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты мәдени шарасы;

30 қараша күні сағат 18.00-де Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында облыстық филармония өнер ұжымдарының «Жыл концерті» атты шарасы;

Арал ауданы

29 қараша күні сағат 17.00-де Арал аудандық мәдениет үйінде мерекелік салтанатты кеші;

Қазалы ауданы

29 қараша күні сағат 16.00-де Әйтеке би кенті, Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында «Бірегей тұлға-Елбасы» аудандық  салтанатты кеші;

Қармақшы ауданы

29 қараша күні сағат 16.00-де Жосалы кенті, Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» атты салтанатты жиыны;

Жалағаш ауданы

29 қараша күні сағат 11.00-де Жалағаш кенті, Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде «Елім деп соққан жүрегі» атты  салтанатты жиыны;

Cырдария ауданы

29 қараша күні сағат 11.00-де Сырдария аудандық  мәдениет үйінде «Елімнің бағы-Елбасы» атты мерекелік шарасы;

Шиелі ауданы

28 қараша күні сағат 17.00-де Шиелі кенті, «Арман» мәдениет үйінде «Елбасы жолы – ертеңге өнеге»атты  мерекелік  концерті;

29 қараша күні сағат 16.00-де Шиелі кенті, Б.Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде «Ұлтының ұлы көшбасшысы!» атты  мерекелік шарасы;

Жаңақорған ауданы

29 қараша күні сағат 17.00-де Жаңақорған кенті, М. Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде «Ұрпағы ұлықтаған тұлға» атты мерекелік шарасы өтеді.

Тағы да оқыңыз: