Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық қан орталығына 5 айда 3756 адам қан тапсырды. Жалпы жыл сайын 10 мыңнан астам адам донор болуыға ниет білдіреді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық қан орталығы директорының орынбасары Венера Садманова мәлімдеді.

Орталық бүгінде 16 медициналық ұйымды қан компанентімен қамтамасыз етіп отыр. 8 мыңнан астам адам тұрақты донор болады.

«Бұрын қырым-конго безгегімен ауырған науқастарға имундық плазма дайындайтынбыз. Өткен жылдан бастап «COVID-19» вирустық инфекциясымен ауырған пациенттерді емдеу үшін иммундық плазманы әзірлеуді қолға алдық. Қазір 109 дозасы қорда бар. Сондай-ақ, 8900 доза жаңа мұздатылған плазма және қан компанентерінің қоры сақталуда. Орталық толығымен автоматтандырылған. Яғни, бізге келген доннарларды тексеру екі этап бойынша скрин жүргізіледі. Қанның құрамы толық тексеріледі», – дейді Венера Сансызбайқызы.

Қан тапсыруға ниеттілердің саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Тиісінше медицина ұйымдарын уақытылы қан компанентерімен қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі таңда орталықта 87 маман қызмет атқарады. Оның 12-і дәрігер, 3-уі зертхана маманы, 47-і орта буын қызметкерлері.

Тағы да оқыңыз: