Kyzylorda-news.kz. Елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен «2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамту Жол картасы» бағдарламасы қабылданған.
Жол картасын іске асыру үшін облысқа 37 млрд. теңге көлемінде лимит белгіленді. Бөлінген қаржыға 276 жоба аясында 9299 жұмыс орны ашылады.
Әлеуметтік-мәдениет саласында 12276,3 млн. теңге 125 жоба, 3268 жұмыс орны. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 7476,2 млн. теңге 42 жоба, 1658 жұмыс орны. Инженерлік-көлік саласында 14530,8 млн. теңгеге 62 жоба, 3474 жұмыс орны. Ал абаттандыру саласында 2673,7 млн. теңгеге 47 жоба аясында 899 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
Жол картасының қатысушыларына экологиялық үстемақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін берілетін өтемақыны ескергенде ең төменгі жалақының кемінде екі мөлшері деңгейінде төлеу қарастырылуда.
Сондай-ақ, жұмыс беруші мердігерлер жұмыссыздармен жасалған еңбек шарттарын «Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне» енгізу міндеттеледі.
