Kyzylorda-news.kz. Кызылорда облысында дислокациялық пункт және жедел жәрдем стансасының қосымша бөлімі ашылды. Алдағы уақытта тағы да дислокация пунктттерінің санын көбейту жоспарлануда. Сондай-ақ, облыстық жедел жәрдемге лизинг арқылы 40 дана санитарлы автокөлік алынып, аудандық бөлімдерге жөнелтілді.

“Бүгінде жедел жәрдем стансасында 49 топ жұмыс істейді. Облыс бойынша алыс елді мекендердің халқы жедел жәрдем көліктерімен, дәрі-дәрмектермен, медициналық құралдармен бірдей әрі шұғыл медициналық көмек алуда. Сонымен қатар, уақытты жоғалту және байланыс болмай немесе өтініш алуға тиісті медициналық қызметкер орнынан табылмай қалу қаупі жоқ және болған да емес. Шақырыс автоматты түрде жедел топтың қолындағы смартфонға түседі және тәулік бойы GPS бақылауында болады. Осы кезге дейін «Көмек» автоматты басқару жүйесінің істен шығуы орын алған жоқ, бағдарламаны әзірлеушілеріне байланыс тәулік бойы қол жетімді. Қазіргі таңда облыстың шақырыс топтарын рациямен қосымша жабдықтау қарастырылуда. Барлық шақырыс топтары шұғыл медициналық көмек көрсетудің біріңғай стандарт және алгоритмдеріне сай қызмет етуде. Жаппай жол-көлік оқиғаларында, уланулар мен басқа бақытсыз жағдайларда өзара біріңғай әрекеттеудің тактикасы жасалды. Айта кетейін, біздің өңір ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының бағалау рейтингі бойынша алғашқы үштікте тұр”, – деді облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Алмат Құрманғали.

Тағы да оқыңыз: