Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында жергілікті тұрғын аулада 100-ге тарта адам жиналған үйлену тойын өткізбек болған.

Оқиға Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылында тіркелді. Ауыл тұрғыны аулада үйлену тойын өткізбек болған. Оған 100-ден астам адам жиналған. Той қалалық мобильді топтың араласуымен тоқтатылды.

«Мобильді топ құрамында қалалық прокуратура, қалалық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, қала әкімдігі, қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері бар», – деп мәлім етті Қызылорда қаласы әкімдігінен.

ҚазАқпарат

Тағы да оқыңыз: