Kyzylorda-news.kz. Қызылордадағы «Құқық қорғау қызметтері орталығында» өткен қоғамдық қабылдауға  200-ге жуық қала тұрғыны келіп, өздерін толғандырып жүрген өзекті мәселелері мен өтініш-тілектерін жеткізді.

Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындар тарапынан көтерілген ұсыныс-пікірлер мен мәселелерді мүмкіндігіне қарай дер кезінде шешілуіне ықпал жасаса, кейбір уақыт қажет ететін мәселерді толық зерделеп, заңдылығы бойынша орындау үшін тиісті сала басшыларына тапсырма берді.

Бұл қабылдауға мәселелерінен бөлек, алғысын айта келген тұрғындар да жеткілікті болды.

Солардың ішінде, 2006 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған Гүлжан Серікбаева есімді қала тұрғыны баспана мәселесінің шешімін тапқанына риясыз алғысын білдірді. Сонымен қатар Диана Смағұлова мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандырып жүрген қала басшылығына рақметін айту үшін арнайы келген.

Жалпы, соңғы 2 жыл көлемінде әр айдың соңғы бейсенбісі күні осы орталықта тұрақты түрде қоғамдық қабылдау ұйымдастыру дәстүрге айналған.

Айта кету керек, «Ашық әкімдік» жобасы аясында қала әкімі «Құқық қорғау қызметтері орталығынан» бөлек, апта сайын бекітілген кестеге сәйкес және күнделікті қажеттілігіне қарай қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырып отырады.

Тағы да оқыңыз: