Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында жоспары жуу жұмыстарына байланысты уақытша ауыз су тоқтатылады.

12 мамыр сағат 21-00 бастап 13 мамыр сағат 6-00 дейін “Ақмешіт” және “Мерей” мөлтек аудандарында, 13 мамыр күні сағат 20.00-ден бастап 14 мамыр күнгі сағат 06.00-ге дейін қаланың орталық ауыз су жүйелері тазартылмақ. “Аль-Фараби”, “Шанхай”, “КБИ”  тұрғын аудандарының су жүйелеріне жоспарлы жуу, шаю және залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты қала орталығының ауыз су жүйелерінде судың қысымы уақытша төмендетіледі.

“Аль-Фараби”, “Шанхай”, “КБИ”  тұрғын аудандарында 2021 жылдың   13 мамыр күні сағат 20.00-ден 14 мамыр күні сағат 06.00-ге дейін ауыз су беру уақытша тоқтатылады.

«Ауыз суды пайдаланар алдында кранды ашып хлордың иісі толық кеткенше ауыз суды пайдаланбауды сұраймыз. Ведомстволық мекемелерде 06.00-ден бастап суды ағызып хлордың иісі толық жойылғанға дейін жауапты кісілерді бекіту қажет», делінген қала әкімдігінің таратқан хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: