Kyzylorda-news.kz. 20-21 наурыз күндері Қызылорда қаласында отбасылық 6 той тоқтатылды. Аталған заң бұзушылықтар қала әкімдігінің жанынан құрылған мониторингтік топтың қалалық прокуратурамен бірлесіп жүргізген мониторинг жасау барысында анықталды.
Қазіргі таңда Қызылорда облысы жасыл аймақта. Карантиндік талаптар жеңілдетілгенімен, бірқатар шектеулер әлі де жалғасады. Мәселен, Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №4 қаулысына сәйкес, ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге, букмекерлік кеңселердің қызметіне, балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне, мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге тыйым салынған.
Карантин талаптардың сақталуын қадағалау бойынша мониторинг жұмыстары тұрақты жалғасын табатын болады.