Kyzylorda-news.kz. Коронавирус іңдетіне байланысты 26 наурыз, яғни бүгіннен бастап Қызылорда қаласының теміржол вокзалы мен автовокзал аумағын дезинфекциялау басталды. 

Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қалада орналасқан басқа да қоғамдық орындарды дезинфекциялау жұмысы Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің кестесіне сәйкес жүргізіледі. Түсіністікпен арауларыңызды сұраймыз», – делінген әкімдіктің хабарламасында.

Дезинфекция жұмысын Қорғаныс министрлігіне қарасты Қызылорда облысында орналасқан әскери бөлімдер ұйымдастырады.

Тағы да оқыңыз: