Қызылорда қаласында «Бақытты отбасы» орталығы ашылды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылорда қаласында «Бақытты отбасы» орталығы ашылды

14.01.2020, 9:40

6294 25

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық «Жұмыспен қамту орталығы» бұған дейін «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу» бөлімімен бірге бір ғимаратта орналасқан.

Бұл мекемелер арқылы қызмет алушылардың саны бірнеше есеге ұлғайып, қызмет көрсету барысында ғимараттың тарлығы айтарлықтай жайсыздық тудыратын. Себебі қалада 2019 жылдың қорытындысымен атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 5 есеге өскен.

Осы мақсатта, көп балалы аналардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында қала әкімі Н.Нәлібаевтың тапсырмасымен Жұмыспен қамту орталығы жалпы аумағы 750 шаршы метрді құрайтын жаңа ғимаратқа көшірілді.
Қала орталығындағы бұл ғимарат, Сүлейменов көшесі №70 мекен-жайында орналасқан. «Бақытты отбасы» атауымен «OPEN SPACE» форматында өз жұмысын бастаған бұл орталықта қызмет алушыларға барлық ыңғайлы жағдайлар жасалған.

Яғни, 150 адамға арналған күту залы, балалар ойын бұрышы қарастырылған.

Орталықта жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасыларға кәсіпкерлік бастамалар мен кәсіптік бағдар беру, мемлекеттік бағдарламалар аясында гранттық қаржылар қарастыру, қайта даярлау курстарын ұйымдастыру секілді қала халқы үшін қажетті және маңызды жұмыстар жүзеге асырылады.

Алдағы уақытта, орталықтың ішінде заңгерлер, психолог мамандар кеңес беретін арнайы бөлмелер, аналар бөлмесін қарастыру жоспарлануда.

Жалпы, жыл басынан қалалық «Жұмыспен қамту орталығы» жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке 700-ден астам өтінім қабылдаса, «Жастар» тәжірибесі арқылы – 125 жасқа, әлеуметтік жұмыспен қамту арқылы – 80 адамға, 450 азаматқа қоғамдық жұмысқа және 250-ден астам қала тұрғынына  тұрақты жұмыс орындарына жолдама берген.

25

  • cіздерден коғамдық жұмыспен немсе жастар практикасымен жұмысқа қызметкер алуға кандай заявка тастау керек кандай почтаға

  • Кызылорда каласындагы бакытты отбасы мекемесыне келсем обед дит обед уакыты 13 00 ден 14 00 ге дейын емеспа алде олай емеспа булар 13 00 ден 15 00 ге дейын тускы узылыс деп жатыр

  • Саламатсызба. мен көп балалы отбасымын.Асп алған емеспін. кəсіп ашуға сіздерге құжат тапсырсам деп едім. ай сайын барам кешіктің дейді немесе толық келесі айда келесіз деп шығарып салады. баламен қайта қайта шыға бере алмаймын. көмектесесіздерме өтініш

  • Бакытты отбасынан Атамекенге жолдама алайын деп едім,казір ол жер жумыс жасап жатырма, тамыздың 10на ашылады деп еді,карантин емеспа екен,барсам ашыкпа екен,окып алайын деп едім, улгеремін ба екен,окуга ,грантка

  • Бұл Бақытты отбасы орталығының сайты, электронды поштасы, телефоны деген жок па???
    21ғасырда өмір сүріп жатырмыз, жұмыстың бәрін электронды пайдаланып жүрміз. Бұл пікір емес сұрақ.мұнда ұйымдастырушы акімшілік болса жауап беруін өтінемін.

  • Салеметсиз дерме мен 5баланын анасымын мен коп балалы Ана ретинде кандай комек ала аламын.кайтарымсыз грант дегенге илиге аламын ба.мен де окып Бир тирлик жасасам деймин кандай колдау корсете аласыздар.

  • Мен оқуға тіркелдім 2019да карантин салонның оқуы жоқ орнына тігінші бар дет а соған тіркеле салайын деп тіркелдім биыл шақырмады уже 2020бітті жұрттар оқып алды өзіміз хабарласамыз детта жоқ аумин екі жыл өтті…Қалай білсем болад оқуым өтіпкеттіау

  • Бизнеске бағыт оқып алайынш депем екі жыл болд əлі хабарласқан жоқ оқытама алде тіркеп отқан қыз дұрыс тіркемедіма не сұмдық

  • Орталыктын номерин билесиздерме. Бизнес бастау бойынша окып,договорга отырдык акшаны али аударган жок. Зан б.га 5 кун ишинде аудару керек,казир 13 кун болд. Кимге шагымдануга болад

  • Грант алып кәсіп жасау үшін оқуға тіркеліп едім ақпан айында, оқу қашан басталатынын телефонмен звондап сұрап тұрыңыз деді, ақпаннан бері әр апта сайын звондап сұрап келемін, ал олардың жауабы: әлі басталған жоқ дейді. Осы рас па? Қашан басталады? Тіркелгендердің тізімінде мен бармын ба екен көріңізші десем, көре алмаймын дейді. Осылай жүргенде мен қалып қоймаймын ба? Тізімде бармын ба, әлде жоқпын ба қайдан білсем болады? Әлде тағыда тіркелейін барып?

Турсунай үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау