Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының басшысы қызметіне Медет Усаин тағайындалды.

Медет Усаин 1987 жылы туған. Қ. И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетін «Көлік, көлік техникасы және технологиясы», Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы ретінде бастаған.

2012-2013 жылдары – Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы;
2013-2016 жылдары – Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары.
2016 – 2020 жылдары Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, 2020 жылдың мамыр айынан облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы лауазымын атқарып келді.

Тағы да оқыңыз: