Kyzylorda-news.kz. Қазгидрометтің мәліметінше, ауа райының бұзылуына байланысты 5 ақпанға бірнеше өңірде ескерту жарияланды.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғып, таңертең және күндіз оның күші кей жерлерде 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетуі ықтимал. Көкшетау қаласында жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с екпінмен жел тұрады. Түркістан облысының кей жерлерін түнде тұман басып, күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады.

Түркістан қаласында күндіз 15-20 м/с жылдамдықтағы жел күтіледі.

Шымкент қаласында күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с екпінмен жел соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні кей жерлерде 15-20, 23-28 м/с артуы мүмкін. Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с күшпен жел тұрады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын сақталады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с болады. Ақтөбе қаласында түнде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 16 м/с сақталады.

Тағы да оқыңыз: