Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қызылордалықтарды мерекемен құттықтады.

«Құрметті Отан қорғаушылар, ардақты жерлестер! Сіздерді Отан қорғаушы күні және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!

Темірдей тәртіпке бағынған, құрыштай берік тәуелсіз еліміздің әскері – қайтпас қайсар ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғасы.

Отанды қорғау, оның қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтау, адал қызмет ету – әрбір Қазақстан азаматының қастерлі борышы мен перзенттік парызы.

Бар өмірін әскери іске арнап, күн-түн демей, елін, жерін қорғап, өз қызметін мінсіз, адалдықпен атқарып жүрген сардарлар мен сарбаздардың қоғам алдындағы орны биік, абыройы үстем.

Ел бірлігі мен тыныштығын, қауіпсіздігі мен бейбіт өмірін қас қақпай күзетіп, қорғанымыз болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! Тәуелсіз еліміздің іргесі берік, тұғыры нық болсын», – деді облыс әкімі.

Тағы да оқыңыз: