Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының Махамбет ауылында орналасқан жылыжай кешенінде қияр өнімін жинау жұмыстары басталды.

Жергілікті жұмысшылар күніне орта есеппен 5-6 тонна өнім жинайды. Болашақта өндіріс көлемін күніне 10, ал жылына 1000 тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Жылыжайдың жалпы аумағы 2 гектарды құрайды. Мұнда заманауи жабдықтар қолданылады. Өсіру процесі автоматтандырылған. Кешенде 30-дан аса адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Естеріңізге сала кетейік, “КазАгроМир” ЖШС жылыжай кешені өткен жылдың соңында пайдалануға берілген.

Жоба мемлекеттің қолдауымен жүзеге асырылды.

Тағы да оқыңыз: