Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері жол қауіпсіздігін алдын алу және жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында ауқымды профилактикалық жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ағымдағы жылдың басынан бері патрульдік полицейлер 2 478-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзудың жолын кесті, соның ішінде – 31 жүргізуші мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін ұсталды. Мас күйінде көлік жүргізу фактілері бойынша полицейлер әкімшілік хаттамаларын толтырып, материалдары сотқа жолданды. Енді жүргізушілер басқару құқығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетерлігі, қызылордалық жүргізушілердің «танымал» тәртіп бұзушылықтарының қатарында – қауіпсіздік белдігін пайдаланбау – 598 дерегі, жүру кезінде ұялы телефон арқылы сөйлесу – 311 дерегі, жаяу жүргіншілердің жүруіне басымдық бермеу – 88 бұзушылық, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу – 11 дерегі.

Полицейлер жүргізушілерді аса жауапты болуға және ішімдік ішкеннен кейін автокөлікті басқару мүмкіндігі туралы ойланбауға, сондай-ақ, осының салдары туралы есте сақтауға шақырады.

Полиция қызметкерлері мас күйдегі жүргізуші рөлге отырғанына куә болған барлық азаматтарды дереу «102» қызметіне хабарлауды сұрайды. Есіңізде болсын, сіздің қоңырау біреудің өмірін құтқара алады.

Тағы да оқыңыз: