Kyzylorda-news.kz. Қызылорда – Құмкөл автожолында жол-көлік оқиғасы орын алды. Қайтыс болғандар бар.

Бүгін сағат 14:20 шамасында Қызылорда – Құмкөл автожолының 69 км-де «Мерседес Бенц Спринтер» және «Тойота Хайлюкс» автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2 автокөліктің жүргізушілері және 1 жолаушы оқиға орнында, 2 жолаушы медициналық мекемеде қайтыс болды.

Сонымен қатар, қалған 5 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері, төтенше жағдай және медицина қызметкерлері жұмыс жасап жатыр. Жол – көлік оқиғасы жол ережесін бұзу салдарынан болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (Көлік құралдарын жүргізуші тұлғалардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы).

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Тағы да оқыңыз: