Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында қону кезінде Ан-2 ұшағында өрт шықты, деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.

Оқиға 23 ақпанда сағат 12:30-да Арал елдімекенінен он шақырым жерде болған.

Жеңіл моторлы ұшақ “Қызылорда – Арал” бағыты бойынша санитарлық рейстерді жүзеге асырған.

“Бортта экипаждың екі мүшесі мен бір жолаушы болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ”, – делінген хабарламада.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық апаттарды тергеу департаменті оқиғаның себебін зерттейтін болады.

Ұшақ “Тараз Жаңа Әлем” жеке әуе компаниясына тиесілі.

Тағы да оқыңыз: