Kyzylorda-news.kz. ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин көктемде болуы ықтимал су тасқынына дайындық шарасы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта Қазгидромет ұйымымен бірлесіп, күшейтілген жұмыс режиміне ауыстық. 7-13 наурызға жасалған болжам бойынша, Қазақстанның қар басқан аумағы жалпы аумақтың 54%-ына дейін азайды. Бұған дейін айтқанымдай, Түркістан мен Қызылорда облыстарында су тасқыны қаупі жоқ. Сырдария өзеніндегі мұз толық еріді. Шардара су қоймасы мен Көксарай контреттеушісі қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Ондағы судың толуы су ресурстары комитетінің кестелеріне сәйкес жүргізіліп жатыр», – деді Юрий Ильин.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар жəне Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқыны қаупі бар.

«Бүгін Ақмола облысында су тасқынына қарсы жұмыстар басталды. 20 наурызға қарай, Павлодар мен Қостанай облыстарында басталады. Солтүстік Қазақстанда мұз қатпары мен қар жабыны әлі де бар. Сондықтан, айдың соңында алдын алу жұмыстары қолға алынады», – деді Юрий Ильин.

Айта кетейік, көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 30 мың теңгеден беріледі.

Тағы да оқыңыз: