Kyzylorda-news.kz. “Қазгидромет” РМК синоптиктері 31 наурызда ауа райының бұзылуына байланысты Қызылорда облысында дабылды ескерту жариялады.

«31 наурызда Қызылорда облысында шығыстан жел соғады, түнде басым бөлігінде 15-20, кей жерде 23 м/с, күндіз кей жерде 15-20 м/с жел сақталады. Түнде кей жерде шаңды дауыл, күндіз кей жерде найзағай күтіледі», – делінген хабарламада.

Қызылорда қаласында 31 наурыз түнде шығыстан жел соғады, екпіні15-20 м/с сақталады. Күндіз найзағай күтіледі.  

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 95-100%.

Тағы да оқыңыз: