Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Қызылордада COVID-19 коронавирус инфекциясы тіркелмегендігін хабарлайды.

Коронавирус бойынша қолайсыз аймақтардан келген барлық тұлғаларға күшейтілген бақылау жүргізілуде, күнделікті мониторинг жұмыстары жалғасуда.

26 наурыз күнгі жағдай бойынша барлығы 70 адам мониторингтік қадағалауда. Оның ішінде 16 адам провизорлық стационарда медициналық бақылауда жатыр.

Мониторингтік бақылаудағы 34 азамат І «а» санатты елдерден, яғни Германия, Индия, Тайланд, БАӘ, Египет, 36 адам І «б» санатты елдерден, яғни Оңтүстік Корея, Латвия, Венгрия, Иордания, Белоруссия, Ұлыбритания келген.

Қазіргі таңда аймақта эпидемиологиялық ахуал тұрақты.

Тағы да оқыңыз: