Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысындағы апаттың көбеюіне ауа райынан бөлек, жүргізушілердің жауапсыздығы да себеп болып отырған көрінеді.

«Қазавтожол» компаниясы мамандарының мəліметі бойынша, Қызылорда облысында былтыр 47 жол көлік оқиғасынан 20 адам қайтыс болған. Тағы 87 адам түрлі дəрежедегі жарақат алыпты. Ал биыл 10 айда 59 көлік апатқа ұшырап, 86 жолаушы зардап шегіп, 33 адам қаза тапты. Мамандар көп жағдайда жүргізушілердің жауапсыздығы қайғылы оқиғаға себепткер болатынын айтады. Тіпті, жолдың жабық екені туралы СМС хабарламаларды елемей, ұзақ жолға шығатындар да аз емес.

«Қызылорда облысында жалпы ұзындығы 1 мың 16 шақырым республикалық маңызды жол бар. Оның 246 шақырымы І санатқа, 566 шақырымы ІІ санатқа, қалған бөлігі ІІІ санатқа жатады. Жол бойында 8 жол пайдалану пункті мен учаске бар. Қыста жол апатының алдын алу үшін базада 50-ге тарта техника дайын. 600 тонна көмір, 1 мың 820 тонна тұз, 7,5 мың тонна құм бар», – дейді «Қазавтожол» ҰК» АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Шанжархан Мырзабай.

Көктайғақ салдарынан 8 адамның өмірін жалмаған жол аймағы «Қазавтожолдың» бақылауына кірмесе де, мекеме мамандары көмек берген.

24.kz

Тағы да оқыңыз: