Kyzylorda-news.kz. Балаларын жан-жақты дамытып, өз орталарында білімді де өнерлі болып өскенін қаламайтын ата-ана кем де кем. Сондықтан мектептен тыс уақытта оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға тырысады. Әрбір бала өз қабілетіне қарай түрлі үйірмелерде шығармашылықтарын шыңдай алады. Кешегі Жолдауда да Мемлекет басшысы «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалыпқа келтірудің маңызын атап өткен. Бұл бағытта Қызылорда облысында қолға алынған шараларды облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында баяндады.

Ол аймақтағы 173 мәдениет үйінде 854 үйірме барын жеткізді. Жолдау аясында үйірме санын 1000-ға, қатысушылардың санын 11 500-ге жеткізу жоспарда барын айтты.

«Президент Жолдауында спорт және дене тәрбиесін дамытуға басымдық бере отырып, әр облыста, ірі қалалар мен аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу керектігін атап өтті. Қазірде Қызылорда облысында 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Онда 20 147 оқушы спортпен тегін айналысады. Соңғы екі жылда аймақта 16 спорт кешені пайдалануға берілді. Ал, биыл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жоспарланған 12 жобаның бесеуі іске қосылды», – дейді облыс әкімінің орынбасары.

Тағы да оқыңыз: