Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет еліміздің 10 өңірінде ауа райына қатысты ескерту жариялады.  

Бүгін Қызылорда облысында найзағай ойнап, желдің екпіні секундына 15-20 метр болуы ықмтиал.

Нұр-Сұлтан қаласында найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы қаласындағы тау беткейлерінде көшкін жүру қаупі бар.

Ақмола облысында жаңбыр-бұршақ жауады, найзағай ойнап, тұман түседі түседі. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз Алматы облысының басым бөлігінде жаңбыр кейде бұршақ жауады, найзағай ойнап, тұман түседі. желдің екпіні секундына 17-22 метр болады. Өңірдегі тауда көшкін-сел қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.

Қостанай облысында найзағай ойнап, тұман түседі, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғады, желдің екпіні секундына 18 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін, тұман түседі, желдің екпіні секундына 15-20 метр, күндіз секундына 25 метр жетуі мүмкін.

Түркістан облысында дауыл соғады, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Тағы да оқыңыз: