Қызылорда облысы қылмыс ең аз жасалатын өңір ретінде тіркелді – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылорда облысы қылмыс ең аз жасалатын өңір ретінде тіркелді

29.01.2020, 12:00

613 0

Kyzylorda-news.kz Қазақстанда ең жайлы өңір Маңғыстау облысы болған, онда 4 мың қылмыс тіркелсе, Қызылорда облысында – 5 мың, Атырау облысында – 6 мың қылмыс тіркелген, деп хабарлайды baq.kz.

Заң бұзу бойынша алғашқы орында ұрлық тұр – 130 мың жағдай тіркелген, екінші орында – тонау, үшінші орында экономикалық қылмыстар – 1 мың жағдай.

Қылмыс көп жасалған аймақтар көшінде Алматы қаласы, Алматы облысы, Нұр-Сұлтан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр. ҚР ҰЭМ статистика комитетінің мәліметінше, 2019 жылдың қаңтар-қараша аралығында елімізде 230 мың қылмыстық жасалған. Оның 53% немесе 123 мыңы осы бес өңірге тиесілі.

Бұл рейтингтің басында Алматы қаласы тұр. Елімізде тіркелген әр бесінші қылмыс осы қалада тіркелген. Жалпы Алматыда 50 мың қылмыс тіркеліпті, оның 33 мыңы – ұрлық, 10,7 мыңы – тонаушылық.

Екінші орында Алматы облысы тұр, онда 21 мың қылмыс тіркелген.

Одан кейін Нұр-Сұлтан қаласы – 18 мың, ШҚО – 17 мың, Қарағанды облысында 15 мың қылмыс тіркелген.

0

Пікір қалдыру