Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы прокурорының орынбасары болып әділет кеңесшісі Дүйсенбаев Нұрболат Серікұлы тағайындалды.

Дүйсенбаев Нұрболат Серікұлы прокуратура органдарындағы қызметін 2005 жылы Қызылорда қаласы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.

Әрі қарай Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім бастығы, облыстық прокуратурасының бөлім бастығы, облыстық прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары, Жаңақорған ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.

2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Шиелі ауданының прокуроры лауазымын атқарған.

Тағы да оқыңыз: