Kyzylorda-news.kz. Ауа райының жақсаруына байланысты бірқатар жолдарда көлік қозғалысы қайта жанданды, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Атап айтқанда, «Самара – Шымкент» автожолының Жосалы ауылынан Таң елдімекеніне дейінгі 1645-1702 шақырымында көліктің жүруіне рұқсат берілді. Сондай-ақ, «Екатеринбург – Алматы» тасжолының Солтүстік Қазақстан облысының шекарасынан Жақсы ауылына дейінгі 856-917 шақырымында, сонымен қатар осы автожолдың Чистополье елдімекенінен бастап Ақмола облысының шекарасына дейінгі 853-856 шақырымында жол ашылды.

Дегенмен, ауа райының қолайсыздығына байланысты «Қызылорда – Павлодар» жолының 1066-1135 шақырымы (Молодежный ауылынан Павлодар облысының шекарасына дейін) мен Қарағанды облысының шекарасынан Бозшакөл елдімекеніне дейінгі 1135-1242 шақырымында көлік қозғалысына тыйым салынған.

Айта кетейік, қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда 701 техника жұмыс істеп жатыр.

Барлық сұрақтар бойынша 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуға болады.

Тағы да оқыңыз: