Kyzylorda-news.kz. 2020 жылғы 25 ақпанда сағат 10.00-17.00 аралығында Қызылорда облысының әкімі Қ.Ысқақовтың қатысуымен «Қызылорда облысының  елді мекендерін газдандыру және электр жүйесімен қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді.

Онлайн режимде өтетін конференция барысында облыс әкіміне тақырып аясында қоятын сауалдарыңыз бен ұсыныстарыңызды  https://dialog.egov.kz/ сілтемесі арқылы жолдауға болатындығын хабарлаймыз. 

Сонымен қатар, сауалдарыңыз бен ұсыныстарыңызды жолдау үшін электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет екендігін ескертеміз.

Тағы да оқыңыз: